Клиент ДНК-сы негізінде ас әзірленеді: тағамға тапсырыс беру үшін анализ тапсырасыз (видео)
Клиент ДНК-сы негізінде ас әзірленеді: тағамға тапсырыс беру үшін анализ тапсырасыз (видео)
6 жыл бұрын 3249 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Open Meals  студиясы жеке тұлғаларға арналған мейрамхана тұжырымдамасын, яғни, концепциясын әзірледі: әр клиент үшін оның ағзасының ерекшелегі ескеріле отырып, ас мәзірі дайындалады. Мұндай принцип бойынша жұмыс істейтін алғашқы Sushi Singularity мейрамханасы ел астанасы – токио қаласында 2020 жылы ашылатын болады. Аталмыш жоба бойынша клиент екі апта бұрын мейрамханадағы үстелді брондауы тиіс. Яғни, алдын ала тапсырыс беруі керек. Осыдан кейін клиент шағын зертханалық тексеруден өтуі қажет: түкірігінен, зәрінен, т.б. анализ тапсырады. Денсаулық сақтау саласындағы екі компания мамандары анализдік ақпараттарды талдап, сараптап, клиенттің денсаулығына орай идентификаторды дайындайды. Соның негізінде клиенттің тағамы әзірленетін болады. «Гиперсонализация болашақта қызмет көрсету саласындағы қалыпты жағдайға айналады: ішек қызметінің ерекшелігі, микрофлора құрамы және өзге де көрсеткіштер ескеріле отырып, ағзаға жетіспейтін қандай да бір элементтерді пайдалана отырып, индивидуалды ас мәзірін жасауға болады»,- деді Open Meals өкілі. Айта кету керек, Sushi Singularity мейрамханасында тек жапондардың ұлттық тағамы мен брендіне айналған суши ғана ұсынатын болады. Автоматтындырылған жүйе бойынша әзірленген. 

 

0 пікір
Мұрағат