Кісі өліміне апарып соқтыратын, әлі емі табылмаған індет қайта бас көтерді
|
Біріккен Араб Әмірлігінде дәл қазіргі уақытта емі жоқ, яғни, вакцинасы жоқ коронавирус дертіне шалдыққан адам тіркелді. Ол қазіргі уақытта Әбу-Даби емханаларының бірінде ем қабылдап жатыр. "Таяу шығыстық респираторлық синдромды" науқас мамыр айының бас кезінде жұқтырған болып шықты. Пациент аталған елдің байырғыны тұрғыны әрі азаматы. Аталған індет белгісі байқалмас бұрын ол Сауд Арабиясында болып қайтқан екен. Онда түйе фермасында болғаны анықталды. Індетті сол фермада жұқтырып алуы мүмкін. Қазіргі уақытта дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тікелей өзі айналысып жатыр, індеттің шығу ошағын анықтау үшін. Естеріңізге сала кетсек, бұл індетті жұқтырған адам қатты тұмауратып бастайды. Әлем бойынша 2207 адамның аталған дертке шалдыққаны зертханада дәлелденген, олардың 787-сі сол сырқаттан бақилық болды.