Кесіртке ұны секілді құмырсқа жұмыртқасынан да азық әзірленетін болды
Кесіртке ұны секілді құмырсқа жұмыртқасынан да азық әзірленетін болды
10 ай бұрын 1404 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай әлемде құмырсқа жұмыртқасынан азық түрі пайда болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы MIR24.TV ақпарат көзіне сұхбат берген Надежда Лимонова есімді нутрициологқа сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, құмырсқа жұмыртқалары өсімдік тектес ақуыз ұнтақтарынан жасалған. Диетолог in vitro жағдайында, яғни, пробиркада өсірілген жануарлар жасушаларын пайдалану жобалары инновациялық өнімдер саласындағы өзгеше жобалар екенін атап өтті. Молекулярлық биолог Юлия Дробышеваның айтуынша, мұндай өнімдер арзан болғандықтан пайдаланылады – осындай жолмен өндірілетін ақуыз дәстүрлі ауыл шаруашылығынан алынатын ақуыздарға қарағанда көп шығынды қажет етпейді. Бұдан бөлек, етті өнімдер сәбізден әзірленген ақсерке еті алмастыруы мүмкін. Көкөніс сәбізге балық тәрізді құрылым мен дәм беретіндей өңделеді. Сондай-ақ, тауық етін саңырауқұлақтан жасалған өнім алмастыруы ықтимал.

0 пікір
Мұрағат