Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?
Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?
7 жыл бұрын 7082 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы 35 және осы жастан асып, әке атанғандарға жағымсыз жаңалықты жеткізіп отыр. Нақтырақ айтқанда, кеш әке атану ұрпағына залалын тигізеді. Тиісті зерттеу нәтижесі Proceedings of the Royal Society мерзімді басылымында жарық көрді. Мамандардың пайымындауынша, жасы ұлғайған сайын ер адамның ұрығында мутация жинала береді. Бұл өз кезегінде баласының ұрпақ өрбіту қабілетіне теріс әсерін тигізеді. Былайша айтқанда, кеш әке атанған азаматтың немере сүю мүмкіндігі азаяды. Ғалымдар мұны неге сүйеніп айтып отыр? Олар біз сөз еткен жастан асып, әке атанған Канаданың және Швецияның 1,4 млн-нан аса ер-азаматының денсаулығын қадалаған екен. Айта кетейік, батыс елдерінде, дәлірегі, дамыған мемлекеттерде кеш үйлену етек алып барады. Алдымен күй-жайын жасап алып, үйленуді жөн көреді. Бұл өз кезегінде биологиялық заңдылыққа қайшы келеді. 

0 пікір
Мұрағат