Кеңседе жұмыс істейтіндерге қарағанда қара жұмыс істейтін ерлердің ұрпақ өрбіту қабілеті жоғары болып шықты
|
Қара күшті қажет ететін жұмысты атқаратын адамдардың сперматозоид конценртрациясы (шоғырлану деңгейі) кеңседе отыратындарға қарағанда 46%-ға жоғары болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық ғалымдардың дерегіне жөн сілтеген New York Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуге 1,5 мың ерлі-зайыпты тартылған екен, олардың 377-і белсіздік пен бедеуліктен зардап шегеді. Бұдан бөлек, қара жұмыс істейтіндердің тестостерон (Тестостерон – ер адам ағзасының құрылымына жауап беретін гормон) мен эстроген (Эстрогендер (лат. estrus - ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі – Уикипедия электронды энциклопедиядан) деңгейі жоғары болып шыққан. «Кейбіреулер биология сабағынан «ер» және «әйел» гормондары екі жыныста да кездесетінін есінде сақтап қалған шығар, дегенмен, бұл гормондар түрлі мөлшерде болады. Бұл жағдайда біз ерлердегі артық тестостерон денедегі екі гормонның қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін эстрогенге айналады деп топшылаймыз», - деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан Лидия Мингес-Аларкон есімді ғалым. Бұл тараптағы зерттеу нәтижелері ерлердің репродуктивті әлеуетін жақсартуға және әлемдегі белсіздік пен бедеулік дағдарысын еңсеруге көмектеседі. Қазіргі уақытта белсіздіктің 40%-ға жуығы таза ерлер факторларына байланысты. Сонымен қатар, ерлердің белсіздігі жүрек-қан тамырлары және аутоиммундық аурулардың қаупімен байланысты орын алады.