Жылдамдығы дыбыстан жоғары жолаушылар ұшағының прототипі алғаш рет көкке көтірелді (видео)
Жылдамдығы дыбыстан жоғары жолаушылар ұшағының прототипі алғаш рет көкке көтірелді (видео)
9 ай бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Boom Supersonic компаниясы жылдамдығы дыбыстан жоғары ХВ-1 жолаушылар ұшағының прототипін сынақтан өткізді. Бұл ұшақта сағатына 2000 шақырымнан аса жылдамдықпен ұшатын Overture ұшағының технологиясы сынақтан өтті. Бұл жайында islam.kz порталы boomsupersonic.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сынақты өткізудегі басты мақсат әуе кемесінің көкке көтеріле алатынын және қона ала ынын тексеріп көруге саяды. Ұзындығы 19 метрге, ал қанатының ұзындығы 6 метрге жететін ұшақ прототипі Калифорниядағы Мохава шөлінің үстінде, 2170 шақырым биіктікте сағатына 440 шықырым жылдамдықпен ұшты. Прототиптің аэродинамикалық тиімділігі расталғаннан кейін XB-1 жылдамдығын 1 Mach (сағатына 1225 шақырым) асатын дыбыстан жоғары жылдамдыққа жеткенше арттырады. Overture реактиивті лайнері таяу болашақта, мәселен, Нью Йорк мегаполисінен Лондонға дейін 3,5 сағатта ұшып жетеді. 80 жолаушыға дейін шақталған ұшақ 100 пайыз экологиялық таза, авиациялық  отынмен ұшады. Boom Supersonic компаниясы Overtures ұшағына American Airlines, United Airlines және Japan Airlines компанияларынан алдын ала 130 тапсырыс түскенін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат