Жүзу мен ұшу режимдеріне дер кезінде ауыса алатын дрон құрастырылды (видео)
Жүзу мен ұшу режимдеріне дер кезінде ауыса алатын дрон құрастырылды (видео)
4 ай бұрын 1117 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Даниядағы Олборг университетінің төрт суденті дер кезінде, дәлірегі, ұшып келе жатып, су астында көзді ашып-жұмғанша жүзу режиміміне ауыса алатын ерекше дрон құрастырып, жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы ithome.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Студенттердің дипломдық жұмысына айналған айрықша жоба екі семестр аралығында аяқталған. 3D-принтерінде басылған прототип сынақтан сәтті өтті: әуеде және суда еркін қозғала алатынын дәлелдеді. Дрон дөңгелек корпуспен жабдықталған, ол аккумуляторға, басқару блогына және винттердің өзгермелі қадамымен төрт екі жақты роторға ие. Қалақтар реттеледі: еңістің кіші бұрышы су астында, ал жоғары бұрышы - ауада пайдаланылады. Мұндай конструкция ұшқышқа кедергілерді айналып ұшуға, суға батуға және кідірмей қозғалуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат