Жұлдызнаманың адам тағдырына әсер етпейтіні ғылыми түрде дәлелденді
Жұлдызнаманың адам тағдырына әсер етпейтіні ғылыми түрде дәлелденді
5 ай бұрын 852 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары оқырмандарды тарту әрі таралымын көбейту үшін түрлі айла-шарғыға барып жатады. Сондай құралдардың біріне адам тағдырын аспан денелерімен байланыстырып болжауға негізделген-мыс жұлдызнама жатады. Десе де оңтүстік кореялық ғалымдар жұлдызнаманың жалған ғылым екенін дәлелдеді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта таңғы шық елінің Мохсен Жошанлы есімді ғалымы 12 791 адамның өмір сүру салты мен жеке бастарының деректерін талдай келе жұлдызнаманың адам тағдырына зәредей ықпалын тигізе алмайтынын анықтаған. Субъектілердің әл-ауқаты мен жалпы өмірі күйзеліс деңгейімен, жұмысқа және қаржылық жағдайға қанағаттанатынын немесе қанағаттанбайтындығымен, денсаулығымен, т.б. факторлармен бағаланды. Сарапшы статистикалық әдіс-тәсілдер жиынтығын (комбинациясын) пайдалана келе адамдардың әл-ауқатын зодиак белгілерінің көрсеткіштерімен салыстырды. Жұлдызнаманың әсері кездейсоқ шамадан аспайтынына көз жеткізген. 

0 пікір
Мұрағат