Жолмен де жүретін, аспанда да ұшатын eVTOL-трансформер құрастырылды (видео)
Жолмен де жүретін, аспанда да ұшатын eVTOL-трансформер құрастырылды (видео)
1 жыл бұрын 776 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық компания қоғамдық жолдарда кәдімгі жол талғамайтын көлік сияқты жүре алатын және тез «ұшатын көлікке» айнала алатын 4 орынды eVTOL құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бүктелген» күйде ол дене өлшемі бойынша орташа жол талғамайтын көліктен үлкен емес. Алайда, қажет болған жағдайда «автокөлік» ұшу винттерін босатып, әуеге көтеріледі. Аталмыш компания жергілікті билік органдарынан өз көлігінің өндіріске дейінгі үлгісіне ұшу сынақтарын өткізуге рұқсат алды. ASKA A5 - eVTOL (тік ұшып көтерілетін және қонатын электрлі ұшақ), ол жолда да, әуеде де қозағала алады. Компания бір рет зарядтағанда 400 шақырым қашықтыққа және шамамен сағатына 240 шаырым жылдамдықпен қозғалатынына уәде беріп отыр. Бұл ретте ол шағын ұшу-қону жолағынан да, кез келген ашық алаңнан да көтеріле алады. eVTOL алты электрлі пропеллермен және жиналмалы қанаттарға орнатылған электр қозғалтқыштарымен жабдықталған. Автомагистралда қозғалған кезде олар жиналып, басқа көліктерге кедергі жасамайды, ал қажет болған жағдайда «түймені басу арқылы» тез ашылады. Әрбір негізгі роторда тәуелсіз қайта зарядталатын литий-ионды батарея қуат көзі, сондай-ақ, ұшу кезінде және қозғалу кезінде батареяларды зарядтайтын кеңейтілген диапазондағы қозғалтқыш бар.

0 пікір
Мұрағат