Жолаушыларға арналған дрон сынақтан сәтті өтті (видео)
Жолаушыларға арналған дрон сынақтан сәтті өтті (видео)
5 жыл бұрын 2085 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дербес ұшуды жүзеге асыратын такис дәуірі таяп келеді. Осы бағытта әлемнің бірнеше компаниясы өздерінің құрылғыларын сынақтан өткізіп жатыр. Мұнымен ғана шектеліп қалмай жаппай шығаруға тиісті орындардан рұқсат сұрап отыр. Қытайдың EHang компаниясы өздерінің дрон таксиін Еуропа және Қытай аспанында сынақтан өткізіп, АҚШ аумағында жаз мезгілінде ұшуға рұқсат алды. Бүгінде EHang компаниясы өз құрылғысын АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына қарасты Роли қаласында сынақтан өткізген болатын. Бұл сынаққа лицензия беретін АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасының (FAA) өкілдері мен аталмыш штат губернаторы қатысып, өз көздерімен тамашалады. Жолаушыларға арналған дрон такси өз кезегінде қордаланып қалған проблемалардың бірқатарын шешуге септігін тигізеді. Атап айтқанда, кептелісті азайтады әрі автокөліктен қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдың азаюына себеп болады. 5 минутқа созылған сынақ барысында EHang 216 аппараты сағатына 130 шақырым қашықтықпен қозғалды. Салмағы 270 келі тартатын дроны 16 ротордың арқасында көкке көтеріле алады. Қытайда да сынақтан өткізудің соңғы кезеңі аяқталуға жақын қалды. Ақпан айынан бастап коммерциялық мақсатта пайдалануға тиісті орындардан рұқсат алып қалады. Алдымен тұрғындарының қарасы 15 млн адамды құрайтын әрі жылдан жылға халқының саны күрт артып келе жатқан Гуанчжоу қаласында жолаушыларға қызмет көрсетеді. Бұл жайында 24gadget.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат