Жоғалғанша шіріп, толық жойылып кететін аяқ киім тігілді
|
Сан-Диегодағы Калифорния университетінің биологтері өздігінен толық ыдырап, іріп жоғалатын, балдыр өсімдігінің талшықтарынан аяқ киім жасады. Бұл жайында islam.kz порталы ucsdnews.ucsd.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аяқ киім материалы аяқ киімнің табаны үшін пайдаланылатын экологиялық зиян жоқ пенополиуренттен тұрады. Ал кроссовканың үстіңге жағы толық өсімдік талшықтарынан тұратын үш өлшемді тоқымадан жасалған. Бұл материалдар аяқ киімді биологиялық тұрғыдан 100% іритіндей етеді. Ғалымдар алдымен балдыр майынан тікелей пластик жасау идеясын жүзеге асырды. Сонымен бірге, ғалымдар алған алғашқы биологиялық ыдырайтын полиуретанды материалдардың сапасы өте төмен болған еді. Көптеген қателіктер мен талпынулардан кейін тиімділігі жоғары материал алуға қол жеткізген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аяқ киім ескіргеннен кейін Soleic Foam деп аталатын полиуретанды түбі тоқылған үстіңгі жағымен бірге компост жәшіктерінде немесе, тіпті, топырақта немесе мұхитта толығымен ыдыраған. Салыстыру үшін алсақ, резеңке табаны бар классикалық аяқ киімнің іріп жоғалуына бір ғасырдай уақыт кетеді. Ғалымдар, сондай-ақ, Soleic Foam-ды пайдалана отырып, сүйретпе де жасады. Алдағы уақытта биологиялық тұрғыдан аз уақыт ішінде толық ыдырап жоғалатын аяқ киімдерді жаппай шығаруды жоспарлап отыр. Америкалық ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде қоршаған ортаның пластикпен ластану деңгейін кемітуге мүкіндік береді.