Joby-дің жеке «ұшағы» ұшуға арнайы рұқсат алды (видео)
Joby-дің жеке «ұшағы» ұшуға арнайы рұқсат алды (видео)
1 жыл бұрын 895 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Маринадағы тәжірибелік өндіріс желісі Жобидің ең ірі, сыртқы акционері - Toyota компаниясының көмегімен құрылды. Аталмыш өндіріс желісіне тартылған инвестиция көлемі 400 миллион долларды құрады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Маринадағы Joby Aviation өндірістік желісінен шығарылған алғашқы сериялық прототипке FAA (АҚШ-тың Азаматтық авиациясының федералды басқармасы) жазда ұшуға арнайы сертификат тапсырды. Тарихта бұл eVTOL клиентке ие болатын алғашқы электркөлік болмақ. S4 ұшағы - қанаттары мен V пішінді (тәрізді) құйрықтан тұратын, алты бірдей үлкен винттің көмегімен тігінен көтерілетін және қонатын, бес орынды (бес адамға шақталған) eVTOL. Әуеге көтерілген соң ол тиімді круиздік ұшу режиміне ауысады және сағатына 322 шақырым жылдамдықпен 240 шақырымнан аса қашықтыққа ұша алады. Жаз мезгілінде ғана ұшуға рұқсат ететін сертификат айналып келгенде уақытша сертификат, бұл сертификат элекромобилді сынап көруге жарайды, толық сертификаттау процедурасы 2024 жылға жоспарланып отыр, егер сынақтан ойдағыдай нәтиже көрсетсе, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Дегенмен, бұл сынақ немесе процедура ұзақ уақыт алуы мүмкін, себебі, eVTOL коммерциялық операцияларды бастау үшін коммерциялық әуе лайнерлері сияқты қауіпсіздік деңгейін дәлелдеу керек.

0 пікір
Мұрағат