Жиналмалы көлік алғаш рет ұшты (видео)
|
Америка құрама штаттарының федералдық авиация әкімшілігі (FAA) Samson Sky компаниясының жиналмалы, ұшатын көлігін ұшуға жарамды деп мойындағаннан кейін бір жылдан соң және алғашқы құрастыла бастағанына 14 жылдан кейін Switchblade көлігіне ұшуына ресми түрде рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде қоғамдық жолдарда пайдалануға рұқсат етілген үш доңғалақты көліктің түймені бір рет басу арқылы сағатына 320 шақырым жылдамдықпен ұшатын ұшаққа айналады. Уашингтон штатына қарасты Мозес-Лейк қаласындағы Грант Country халықаралық әуежайында Switchblade 150 метр биіктікке көтеріліп, алғашқы рейсін жасады.Ол бір мәрте айнала ұшып, шамамен алты минуттан кейін жерге қонды. Samson Sky өкілі 57 елден 2300-ге жуық адамның Switchblade-ді 170 000 долларға бағаланған бастапқы бағасына бойынша сатып алуға алдын ала тапсырыс бергенін жеткізді. Айта кетейік, үш доңғалақты көлік болғандықтан көптеген юрисдикцияларда мотоцикл ретінде жіктеледі, бұл жайт өз кезегінде өзгеше көлікті аккредиттеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Екі адамға шақталған көлік көше режимінде қанаттары мен құйрығы қайырылған күйде сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ұшу режимінде – 400 м биіктікте сағатына 322 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Октан саны 91 болатын кәдімгі жанар-жағармаймен жұмыс істейтін, гибридті энергетикалық жүйе сыйымдылығы 125 литрлік толық отын багы 805 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындыруды қамтамасыз етеді. Автокөліктен ұшаққa айналуына, дәлірегі, құйрығы ұзарып, ашылуына және қанаттары шассидің астынан шығып, орнына бекітілуіне үш минуттай уақыт кетеді. Бұл процесс автоматты түрде орындалады.