Жиі қарын ашу қауіпті аурулардың белгісі болып шықты
Жиі қарын ашу қауіпті аурулардың белгісі болып шықты
1 жыл бұрын 1971 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұдайы аштықты сезіну бір емес, бірнеше қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін ескертті Евгений Арзамасцев есімді диетолог дәрігер әрі нутрициолог. Бұл жайында islam.kz портал Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, сусамыр дертінен зардап шегетін науқас қанша құнарлы тағаммен ауқаттанса да оның жасушалары жеткілікті деңгейде қорек ала алмайды. Сондықтан ұдайы қарны ашып тұрады. Ресейлік білікті маманның сөзіне қарағанда, адам тұтынған азық негізінен май тіндері түрінде денеде жиналып, салмақ қосады. Жасушыларға жетпейді. Сонымен қатар, оның айтуынша, адам асқазан-ішек жолдарының секреторлық қызметі бұзылған жағдайда жиі тамақтанғысы келеді. «Әдетте, бұл асқазан қышқылдығының жоғарылауы түрінде көрініс беретін ауру, ол ойық жара және гастритке бастайтын дерт. Мұндай жағдайда адам да салмақ қосуы мүмкін», – деп ескертті маман. Бұдан бөлек, қалқанша безінің қызметі бұзылса, адам стрес алса және ақуыз, май және көмірсуларды қабылдауда тепе-теңдікті сақтамаса, бұл факторлар да мезгілсіз тамақтануға итермелейді. «Егер адам, мысалы, негізінен көмірсутекті тағамдарды тұтынса және раионнан ақуызды өнімдерді алып тастаса, онда ол үнемі ауқаттанғысы келіп тұрады», деп түйіндеді сөзін.

0 пікір
Мұрағат