|
Жерге қауіпсіз отын түрін жасаудың амалы табылды
|
Америка құрама штаттарының таза технологиялық стартапы Terragia Biofuel биоотын жасау үшін 6 миллион доллар жинады. Бұл отын түрі қоршаған орта мен планета үшін қауіпсіз болады. Бұл жайында islam.kz порталы ESGtoday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаражат биомассаны этанолға және басқа да өнімдерге өңдеудің компанияның өзіндік әдісін жасауға бағытталған. 2022 жылы негізі қаланған АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында орналасқан Terragia компаниясы целлюлозадан экологиялық таза отын алу технологиясын дамытуда. Аталған кәсіпорын микроорганизмдер арқылы биомассаны өңдеудің арнайы әдісін жасады. Бұл тәсіл кәдімгі ашыту және термохимиялық өңдеу процесіне балама бола алады және өндіріс процесінің құнын айтарлықтай төмендетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді