Жер шары адамзат бақылауынан шығып барады
Жер шары адамзат бақылауынан шығып барады
6 жыл бұрын 6987

Температура көтерілсе, қайта түспейтін көрінеді. Сол кезде Жер бетінде адамның тіршілік кешуі қиынға соқпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зерттеу жұмыстары Жердің орташа температурасы адамзат бақылауынан шығып бара жатқанын көрсетеді. 4-5 градусқа көтеріліп кетуі мүмкін.

Стокгольмск, Стэнфорд және Кембридж университетінің ғалымдары бұл жағдайға Париж келісімі де тоқтау бола алмайтынын анықтап отыр. Климатологтар зерттеу жұмысының нәтижесіне сәйкес, Жер бетіндегі орташа температураның көтеріліп кетуі адамзатқа ғана байланысты емес. Ғаламшар климатының бұзылуына мәңгілік мұздық пен арктика мұздарының еруі, тропикалық және солтүстік ормандардың сиреуі және қар жамылғысының жұқаруы сынды өзге де факторлар әсер еткен.

Ғалымдар айтуынша, Жер шары тұтас ғаламшардық стерсстің аз-ақ алдында тұр. Температура көтерілсе, қайта түспейтін көрінеді. Сол кезде Жер бетінде адамның тіршілік кешуі қиынға соқпақ.

0 пікір
Мұрағат