Жер бетінде алғашқы өлмейтін шыбын пайда болды (видео)
|
Америка құрама штаттарының Пристон университетінің ғалымдары әлемде алғашқы өлмейтін шыбынның пайда болуына ықпал етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш жоғарғы оқу орнының сайтына (princeton.edu) жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәдіимгі қара шыбынның миының толық сандық (цифрлы) бейнесін codex.flywire.ai сайтынан тамашалай аласыз. Бұл тек зерттеуге қолайлы ғана емес, сонымен қатар, қайта жаңғыра (қалпына келе алатын) алатын күрделі ағзаның алғашқы цифрланған миы. 14 Гб дерек жасанды зерденің жаңа буынын құруға көмектесе алады. Өзгеше жоба 2016 жылы басталған. Ғалымдар талай жылғы талпыныстан кейін осындай жетістікке қол жеткізді: олар миында 139,5 мың нейрон және 54,5 млн синапс бар ересек қара шыбынның (Drosophila melanogaster) коннектомын декодтауды аяқтады. Бұл жетістік халықаралық ғалымдар тобының күш-жігерінің арнайы техниканың және тынбай ізденіс пен табандылықтың арқасында мүмкін болады. Қара шыбынның миында алға, артқа қозғалуына, күрт бұрылуына және толық тоқтауына жауап беретін нейрондар кездеседі.