Жеңіл жүк көліктерінің жаңа бампері көлік апатынан өлім-жітімді 60%-ға дейін азайтады (видео)
Жеңіл жүк көліктерінің жаңа бампері көлік апатынан өлім-жітімді 60%-ға дейін азайтады (видео)
9 ай бұрын 799 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швецияда жасалған жаңа жүк көлігінің алдыңғы жағы (бампері) жеңіл көліктермен соқтығысқан жүргізушінің мерт болу қатерін едәуір азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бампер құрылымы екі көлік арасындағы соққы күшін таратып, сіңіретіндей етіп әзірленген. Жеңіл құрылым – бал арасы ұясының үлгісіндегі алтыбұрышты алюминий фольга түтіктерінен жасалған автокөлік деңгейіндегі бампер. Швецияның көлік басқармасының бұл бағытта жүргізген жеңіл және жүк көліктерінің апатты сынағында жаңа құрылымның жолаушыларға арналған көлік салонындағы деформацияны 30-60%-ға төмендететінін анықтады, яғни, көлік салонының бүліну қатерін кеміткен. Бұл жайт өз кезегінде өлім немесе жарақат алу қаупін айтарлықтай азайтады. Екі көлік те сағатына елу шақырым жылдамдықпен жүрді, дегенмен, сынақ барысы апат кезінде автоматты түрде тежеу ​​жүйесімен жабдықталған жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің сағатына 80 шақырым жылдамдықпен қозғалысын имитациялаған еді.

0 пікір
Мұрағат