Желдеткішті алмастыратын көбік жасалды
Желдеткішті алмастыратын көбік жасалды
3 жыл бұрын 1403 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс және қытай ғалымдары аптап ыстықта немесе қапырық буғанда ғимарат ішіндегі ауа температурасын төмендетудің инновациялық шешімін ұсынды. Бұл жайына islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар жылу өткізу қабілеті жоғары арнайы көбік жасады. Жаһандық жылынудың қарқын алуына ықпал етіп отырған желдеткіш дәуірі көп ұзамай аяқталады. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Оның орнына климатқа теріс әсері аз балама нұсқалары келмек. Көбік модификацияланған ағаштан жасалған және құрамында нанокристалдар түріндегі целлюлоза бар. Зат күн сәулесін өткізбейтін қасиетке ие және жылу оқшаулау қабілетіне байланысты атмосфераға сіңірілген жылуды көрсетеді. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында көбіктің тиімділігі расталғаннан кейін оны ғимараттарға қолданып көрді. Нәтиже күткен межеден асып түсті - көбік кондиционерлерді толығымен ауыстырды. Көбік электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ, қалалардың өздерін жылыту температурасын төмендетуге мүмкіндік берді. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, шатырлар мен сыртқы қабырғаларды көбікпен қаптау қосымша салқындату қажеттілігін 35,4%-ға азайтады. Осылайша, көбік климаты ыстық елдердегі салқындату бөлмелеріне балама бола алады.

0 пікір
Мұрағат