Жаз мезгілі екі айға ұзарады
Жаз мезгілі екі айға ұзарады
7 жыл бұрын 7850

Тель-Авив университетінің ғалымдар климаттың өзгеретінін және оның жаз мезгілінің ұзақтығына әсер ететінін болжап отыр.

Бұл туралы «Моя планета» басылымы хабарлады.

Израиль ғалымдарының айтуынша, жылыжай газдары – климаттың өзгеруніе әсер ететін негізгі себеп. Ал өз кезегінде ол адам әрекеттерімен тікелей байланысты. Климатология жөніндегі халықаралық журналда зерттеулерін жариялаған мамандар дабылды ескерту жасады: егер адамзат әрекеті дәл қазіргідей қарқында климатқа әсер ете беретін болса, ғасыр ортасында жаз мезгілінің ұзақтығы шамамен 20 күнге, ал ғасыр соңында 50 пайызға ұзарады.

Израиль, Мысыр, Ливан және Түркия тәрізді климаты құрғақ әрі ыстық елдерде жаз мезгілі жарты жылға дейін ұзарып, жаңбыр маусымы екі айға қысқарады. Мұндай құбылыс өңірдегі тіршілікке айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, күн жылынуының алдын алу мүмкін емес көрінеді. Сондықтан климаттың өзгеруіне әзірлене беру керек екенін айтуда.

0 пікір
Мұрағат