Жат қаладан мешіт ашқан дәрігер туралы
Жат қаладан мешіт ашқан дәрігер туралы
8 жыл бұрын 3182 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан тумасы Мұмтаз Әлінің қызмет бабымен бармаған жері, баспаған тауы қалмаған шығар. Намазын үзбеуге тырысатын пульмонолог дәрігер 40 жыл бойы сырқаттарды емдеп келеді. Тек Үндістанда ғана емес, сонымен бірге, Сауд арабиясында және АҚШ-тың бірнеше штатында науқастарды емдепті. Осыдан 14 жыл бұрын бірде-бір пульмонолог дәрігер жоқ Смитфилд қаласына аяқ басты. «Мен бұл жер туралы ешуақытта естімеппін, мұнда Алланың қалауымен келген шығармын деп ойлаймын»,- деді ол өткен күндерінен сыр шертіп. Ой-шұңқырын білмейтін жат қалаға келген екенмін деп тек өз тірлігімен шектеліп қалмай мұсылмандардың рухани әрі қайырымдылық ұйымын құрды. Кейін мешіт ашты. Бұл жайында News Observer ақпарат көзі хабар таратты. «Дін парыздарын орындап жүрген мұсылман өзі қоныс тепкен жерде мешіт тұрғызуы керек. Міне, біз осылайша Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетін орындадық»,- деді ол. Оның ұйытқы болуымен салынған мешіттің ашылғанына да міне, он жылдың жүзі болыпты. «Мұнда жақсы адамдар тұрады, біз бәріміз Алланың жаратылысымыз. Біз бәрін сүйеміз»,- деді ол сөзінің соңында. 

0 пікір
Мұрағат