Жасыл желек жамылған аймақтағы адамдар баяу қартаяды
Жасыл желек жамылған аймақтағы адамдар баяу қартаяды
10 ай бұрын 1073 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар 7800 адамның медициналық дерегін, дәлірегі, денсаулығына қатысты мәліметтерді сараптамадан өткізіп, халық санағы малұматымен салыстырып көрді. Әр тұрғынның аймағында қанша ағаш отырғызылғанын ескерді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның қай жерде өмір сүретіні, немен айналысатыны, жаттығуға қанша уақыт бөлетіні, нендей тағамдармен ауқаттанаты теломерлердің деградациясының (тозуының) жылдамдығына, демек, қартаю процесіне сөзсіз әсер етеді. Жасыл желекке малынған аймақтар мен аумақтарда тұратын жандардың теломері ұзындау болып шыққан. Яғни, баяу қартаятын әрі ұзағырақ өмір сүретін болып шықты. Жасыл желекке жұтаң өңірлер мен өлкелерде тұратындарға қарағанда.

Теломер — әр жасушаның 46 хромосомасының ұштарында орналасқан, оларды қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдар. Олар неғұрлым ұзағырақ болса, соғұрлым ДНҚ репликацияланады (бөлінеді).

0 пікір
Мұрағат