Жасыл энергияға көшкен мешіт
|
Үндістаннның Бандра ауданына қарасты Мумбай мешіті күн энергиясына көшкелі электрмен қамтамасыз етуге кететін шығынның 75%-ын үнемдейтін болды. Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш мешіт жасыл энергияға көшкелі бұрынғыша айына 50 000 рупи емес, 10 500 рупи ғана шығынданатын болған. Осылайша, аталған мұсылмандардың құлшылық үйі жоғарғы технологиялық жүйені қолдану арқылы қоршаған ортаны ластайтын электр энергиясынан бас тартып, өзгелерге үлгі көрсетіп отыр. Осы жылдың тамыз айында Свами Вивекананда көшесінде орналасқан мешіттің шатырына 92 күн панелі қойылған болатын.Бұл панелдер мешіттің ішін салқындатуға, жарық етуге және өзге де электрге тәуелді қондырғыларды пайдалануға жетіп жатыр. Панелдер, тіпті, күн бұлтты немесе жауынды күндері де энергия өндіре береді.