Жасанды зерденің биологиялық қару жасауға қабілетті екені анықталды (әшкереленді)
Жасанды зерденің биологиялық қару жасауға қабілетті екені анықталды (әшкереленді)
4 ай бұрын 629 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: DC Studio / freepik

Жасанды зерденің (AI) жаппай қырып-жоятын  қаруды жасауға көмектесе алады. Бұл туралы islam.kz порталы Вloomberg іскерлік агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рокко Касагранде есімді. биохимик чат-боттардың биологиялық қару жасауға көмектесетін қабілеті бар екенін мәлімдеді. Ғалым мен оның командасы «биотеррористер» атын жамылып, бұл тараптағы AI мүмкіндіктерін зерттеуге шамамен 150 сағат жұмсаған және чатботтың био қарулар туралы берген жауаптары әдеттегі іздеу нәтижелерінен ерекшеленетінін анықтады. Осылайша, жасанды зерде ғалымдарға биоқаруды қолданудың ең тиімді әдісі, сондай-ақ, оларды қандай ауа-райында қолдану керектігі жөнінде ақпарат берген. Бұл тараптағы зерттеуден кейін Рокко Касагранд Америка құрама штаттарының жоғары лауазымды басшыларына есеп берді және бұл ақпаратқа президент Жо Байден мен АҚШ вице-президенті Камала Харрис назар аударған. Әлемнің түрлі елдерінде биологиялық қару саласы одан төнетін қатерге қарсы тиімді шараларды табу шеңберінде ғана зерттеледі. Оны пайдалану іс жүзінде мүмкін емес десе де болады, өйткені, биоқарулар тек қарсы күштерге ғана емес, сонымен қатар, оны пайдаланған тараптың өзіне де қауіп төндіреді. Сарапшылардың айтуынша, ең қауіпті биологиялық қаруға күйдіргі (сібір жарасы) жатады. Бұған қоса, оны жасау аса қиындық тудырмайды, бұдан бөлек, оның споралары сыртқы ортаға төзімді келеді. Десе де террористер жасанды зерденің бұл мүмкіндігін өздерінің арам мақсатына пайдалану қаупін жоққа шығармайды. 

0 пікір
Мұрағат