Жасанды зердеге тәуелділік қатері төніп келеді – смартфонға тәуелділік секілді әлеуметтік сипат алуы мүмкін
Жасанды зердеге тәуелділік қатері төніп келеді – смартфонға тәуелділік секілді әлеуметтік сипат алуы мүмкін
4 ай бұрын 841 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі OpenAI жетекшісі Сэм Алтман күнделікті өмірде жасанды зерде технологиясының жетістіктерін жаппай пайдаланудың ақыры жақсылыққа апармайтынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы goha.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Федералды резервтік банктің жиынында ол жастардың чат-боттармен жиі әуестеніп кеткенін әрі өзін толғандырған кез келген мәселеде АІ моделдерімен «ақылдасатын» әрекетін алға тартты. Тіпті, мұң-шерін де АІ үлгілеріне шағатынын жеткізді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бойынша мұндай әдет АІ-ге тәуелділікке әкеле жатыр. Ең сорақысы – адамдар әәр нәрсеге ой көзімен қарауды, дәлірегі, сыни ойлаудан қалып бара жатыр. Жасанды зердеге иек артып, оның айтқандарын бұлжымайтын заң секілді қабылдап, көзсіз сену етек алған. Common Sense Media зерттеуі 1060 америкалық тинейджерді қамтып, нәтижесін бөліскен екен: сауалнамаға тартылған жасөспірімдердің 72%-ы АІ үлгілерін өмірінде бір рет қолданып көрсе, 52%-ы ұдайы қолданатынын жасырмаған, ал 13%-ы күн құрғатпай АІ көмегіне жүгінетінін жайып салған. Олардың АІ үлгілерін қолданудағы мақсаттары да әр түрлі: 30%-ы көңіл көтеру немесе ермек үшін; 28%-ы – әуестікпен; 18%-ы кеңес алу үшін; 6%-ы жалғыздығын сәл де болса ұмыту үшін қолданатын болып шықты. Бұдан бөлек, АІ жасанды зерде технологиясына қатынасына келспк, сауалнамаға қатысқандардың жартысы АІ айтқандарына көп сене бермейтінін, ал 27%-ы ішінара сенетінін, 23%-ы толық сенетінін жеткізген. Дегенме, сарапшылар уақыт өте келе АІ-ге қатысты сыни ойлайтындар қарасының кеми беретінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат