Жасанды зердеден адамзатты құрып кетуден сақтайтын бірден-бір тәсіл айтылды
Жасанды зердеден адамзатты құрып кетуден сақтайтын бірден-бір тәсіл айтылды
22 сағат бұрын 146 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, адамзат технологиялық жетістіктің бүгінгі шыңына айналған жасанды зерде тарапынан төнетін қауіптің бетін тек бір жолмен ғана қайтара алады. Бұл жайында islam.kz порталы  Unilad ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада АІ-ге “аналық инстинктіні” енгізу амалы турасында сөз болып отыр. Әлемге “жасанды зерденің өкіл әкесі” деген атпен әйгілі Жефри Хинтон АІ дамуымен бірге адамзат бетпе-бет келетін қатерді еңсеруге қатысты тосын шешімін ұсынды. Сарапшы аса қуатты әрі ақылды жүйенің “аналық инстинктімен” жабдықталуы керектігін алға тартып отыр. Ол бұл өзгеше ұсынысын Лас-Вегас (Америка құрама штаттары) қаласында өткен Аі4 салалық жиынында білдірді. Жасанды зерденің мүмкіндіктері артқан сайын оны бақылауда ұстаудың тетіктерін жасау турасында жиі айтыла бастады. Әйтпесе АІ аадамзатқа “бой бермей” кетуі әбден мүмкін. Сол үшін адамзатты басып озуды мақсат етпейтін, керісінше адамзатты қорғауды қамтамасыз ететін “ана қамқорына”пара-пар бағдарламаны енгізуді күн тәртібіне шығарды. “Бізге цифрлы ассистент немесе кеңесші емес, жасанды ана керек”, деп мәлімдеді сарапшы. Сонымен қатар, ғалым бұл идеяны техникалық тұрғыдан қалай іске асыруға болатынын және оның қаншалықты тиімді болаиынын білмейтінін мойындады. Бұған дейін Хинтон жасанды зерденің адамзатты жою ықтималдығы шамамен 10 пайыз деп болжаған болатын. Қазір мұндай қатер деңгейі 10-нан 20 пайызға жетті,  деп есептейді. Бұл қауіп деңгейін елемеу адамзаттың өзіне қатерлі екенін ескертіп отыр. Осы орайда Жефри Хинтонның кім екенін немесе оның АІ-дің “өкіл әкесі” деген атаққа немесе лақап атқа қалай ие болғандығы жөнінде аз-кем айта кетпекпіз: ол нейрон желісін жасауда маңызды рөл ойнаған тұлға. Нейрон желісі машиналық оқудың іргетасына айналған. 2023 жылы ол Google компаниясынан кетті. Аталмыш компанияда жасанды зердені зерттеу саласының жетеушісі болды. Ол орнынан мыңнан астам ғалымдар мен инженерлердің қуатты АІ-жүйелерді дамыту ісін кем дегенде жарты жылға тоқтату туралы ашық хатқа қол қойғаннан кейін кетті.

0 пікір
Мұрағат