Жасанды зерде тарапынан төнетін қатер дағдарысқа ұласуы мүмкін
Жасанды зерде тарапынан төнетін қатер дағдарысқа ұласуы мүмкін
42 минут бұрын 26 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Citrini Research компаниясының жасанды зерденің дамуына қатысты есебі тек сарапшыларды ғана емес, сонымен қатар, Ақ үйді де шошытып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Citrini Research инвестициялық стартапының таяуда жариялаған есебі әлемдік қор нарықтарын айтарлықтай «шайқады». Бұл есепті бірнеше күннің ішінде X әлеуметтік желісінде 22 миллионнан астам адам оқыды. Құнды қағаздарды талдауға маманданған компания құжатты ерекше форматта - ол 2028 жылғы маусымда жасалғандай етіп жариялаған екен. Есеп авторлары, дәлірегі, аталмыш стартаптың негізін қалаушы Жеймс Уан Гелен мен оның әріптесі Алан Шап жасанды зердені жаппай енгізу кеңсе қызметкерлерін жұмыссыз қалдыратыны туралы гипотетикалық сценариді көлденең тартты. Стартап технологияның бұл әсерін «ақылды ығыстыру спиралі» деп атады: «ақ жағалылар» табысының төмендеуі тұтынушылық сұранысты азайтады, ал бұл өз кезегінде экономикалық өсуді бәсеңдетеді және қор нарығындағы дағдарысқа әкеледі.

Нарыққа тигізер әсері

Business Insider сарапшылары замануи экономиканың жалақы мен тұтыну шығындарына көп тәуелді екенін алға тартып отыр. Бағаның өсімі қызметкердің жалақысынан асып түссе, тіпті, жоғары технологиялы әрі жасанды зерде басқаратын нарықтың өзі шығынның орнын толтыра алмайды. Есеп авторлары бұл айтқандары болжам емес, тек сценари екенін еске салып өтті. Бір қызығы, бұл есептің жарияланған уақыты Америка құрама штаттыры индекстерінің күрт төмендеуімен тұспа-тұс келді. Dow Jones 800-ден астам пункттерін, акцияларын жоғалтты. IBM 13%-ға құлдырады - 2000 жылдан бергі рекордтық деңгейге, ал DoorDash, American Express және Blackstone сияқты компаниялар 6% және одан да көп төмендеді. S&P 500 минус 1% -дан асты, ал бағдарламалық қамтамасыз етудің биржалық қоры 4% -дан астамын жоғалтты. Ақпан айының 24-не таман америкалық нарық ішінара қалпына келді, алайда, елді шошытқан есеп жарияланғанға дейінгі деңгейге қайта оралмады. Қызығы, Азия нарықтары керісінше әсерге ұшырады: MSCI Asia Pacific және Оңтүстік Корея мен Тайуанда жартылай өткізгіш өндірушілердің индекстері 1,5% -ға өсіп, рекордтық жоғары көрсеткішке жетті. Lotus Technology Management бас инвестициялық директоры және есептің тең авторы Алап Шахтың айтуынша, жартылай өткізгіштер, деректерді өңдеу орталықтары және зертханалар AI саудасының тікелей бенефициарлары болды.

Билік пен сарапшылардың реакциясы

Ақ үй де бей-жай қаалмады. Экономикалық кеңесшілер кеңесі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Пьер Яред бұл есепті «ғылыми фантастика» деп сипаттап, жаппай жұмыс орындарын жоғалту туралы пікірлер экономиканың негіздеріне қайшы келетінін атап өтті. Ноа Смит сияқты экономистер сценариді «түнгі қорқынышты ертегі» деп атаса, ал Клаудия Сам есімді сарапшы еңбек нарығындағы нақты дағдарыстар қатаң фискалдық және монетарлық шараларды талап ететінін атап өтті.

AI дәуіріндегі жұмыс орындарының болашағы

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева дамыған елдерде жұмыс орындарының 60% -ға жуығы, дамушы елдерде 40% -ға жуығы, ал табысы төмен елдерде 26% -ға жуығы жасанды зерде ықпалына түсетінін мәлімдеді. OpenAI жетекшісі Сэм Альтманның айтуынша, АІ технологиясы қандай мамандықтардың еңбек нарығын өзгертуге қабілетті екенін айқындайтынын, яғни, шын мәнінде қандай мамандықтардың құндылық тудыратынын, ал қайсысының еңбекті имитациялайтынын анықтайтынын алға тартып отыр. Осылайша, Citrini Research есебі тек сенсация ретінде алға шықпай, сонымен қатар, жасанды зерденің экономиканы, еңбек нарығын және әлемдік қор биржаларындағы күш теңгерімін қалай өзгертуі мүмкін деген мәселелерді көтерді. Тіпті, болжам түрінде болса да, яғни, гипотетикалық болып қалса да жасанды зерденің жаппай енгізу дәуірінің өзінде стратегиялық жоспарлау қажеттілігінің маңызын көрсетті. 

0 пікір
Мұрағат