Жасанды зерде инсульт алған пациентке 18 жыл ішінде алғаш рет тілдесуіне мүмкіндік берді (видео)
Жасанды зерде инсульт алған пациентке 18 жыл ішінде алғаш рет тілдесуіне мүмкіндік берді (видео)
1 жыл бұрын 1390 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инсульттен сал болып, 18 жыл бойы сөйлеуден қалған 47 жастағы әйел ми тініне жалғанған бірнеше электродтың көмегімен цифрлы аватор арқылы тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ерекше қажеттілігі бар науқас миының сөйлеуге жауапты аймағына 253 электродты жалғаған екен – электродтар инсульт алмағанда жақ пен шықшыт, тіл, көмей, бет бұлшықеттерін бақылайтын ми сигналдарын аулаған. Мүмкіндігі шектеулі пациентке жасанды зерде (АІ) кіріктірілген ми импланты орнатылғаннан кейін АІ жүйесінің алгоритмін сөйлесудің түрлі дыбыстарын тудыруға қабілетті бірегей сигналды қоса алғанда ми сигналдарын анықтауға үйретілген. Компьютер оған тән 39 дыбысты таныған. Зерттеушілер инсульт алғанға дейінгі пациенттің дауысына ұқсайтын дербес дауысы бар цифрлы аватарды басқару үшін дыбыстар мен сигналдарды пайдаланды. Технология мінсіз емес, дегенмен,  500-ден астам сөз тіркесіне қатысты сынақ барысында сөздердің тек 28 пайызын қате шешкен (декодтаған). AI ми импланты мидағы сөзді немесе ойды минутына шаққанда шамамен 78 сөзден тұратын мәтінге аударып, айналдыра алады. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда әңгімелесу кезінде минутына айтылатын 110-150 сөзден сәл төмен. Мұндай кемшіліктерге қарамастан, зерттеушілер аталмыш технологияны жетілдіруді көздеп отыр. Бұл технология сал болып қалған жандардың өмір сүруін оңайлатады.

0 пікір
Мұрағат