|
Жасанды зерде адамның ерекше ойлау қабілетін басып тастамай, керісінше шыңдайтыны анықталды
|
Адам өмірін жеңілдету үшін ойлап табылған технология туралы алып-қашпа, тіпті, жаңсақ пікірлер айтылып жатады. Бұл жайында islam.kz порталы Transactions on Interactive Intelligent Systems мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңалыққа, соның ішінде жаңашылдыққа үрке қарайтын адамға тән бұл әдет жасанды зердені де айналып өтпеді. Осы уақытқа дейін жасанды зерде жаппай автоматтандыруға дол ашып, адамды еңбек нарығынан ығыстырып шығады деген пікірдің жаңсақ екені анықталды. Таяуда Суонси университетінің ғалымдарының бұл тараптағы тұжырымы мүлдем басқа бағытта өрбіген: жасанды зерде адамды алмастыра алмайды немесе адамның орнын баса алмайды, керісінше адамзаттың берген тапсырмасын орындап қоймай, сонымен қатар, тың процестерге бастап, ұшқыр әрі ұтқыр ойлауына ықпал етпек. Аталмыш жоғарғы оқу орнының компьютерлік ғылымдар факультетінің зерттеушілері бүгінгі таңда адамдардың шығармашылық жобалау контекстінде АІ-мен қалай өзара іс-қимыл жасайтыны жөнінде ең ауқымды зерттеулердің бірін жүргізді. Онлайн тәжірибеге 800-ден астам адам қатысты. Олардың барлығы автокөліктің виртуалды үлгілерін жасау үшін АІ базасындағы жүйені пайдаланды. Жобалауға арналған көптеген АІ құралдары пайдаланушыны процестің өзіне тартпай-ақ, нәтижені оңтайландырған. Осы зерттеуде пайдаланылған жүйе MAP Elites әдісіне сүйенді және пайдаланушыға визуалды шешімдердің кең спектрін ұсынды. Бұл галереяларда шынымен де тиімді конструкциялар, сондай-ақ, стандартты емес, әдейі «сынған», тіпті, жорта жаасалған сәтсіз нұсқалардың барлығы қарастырылған - осының бәрі адамдарды әдеттегіден тыс ойлауға және мүмкіндіктердің кеңірек кеңістігін зерттеуге итермеледі. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Шон Уолтон есімдлі ғалым (компьютер ғылымдарының доценті) адамдардың жасанды зердені еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыратын құрал ретінде ғана қарастыратын, алл мұндай көзқарастың өзі үстірт, жаңсақ екенін айта келе технология ең алдымен шығармашылыққа бастайтын құрал да бола алатынын тілге тиек етті.