Жасанды сана алдағы 4 жылда 14 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды сана алдағы 4 жылда 14 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
2 жыл бұрын 1221 massaget.kz Т. Раушанұлы

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, 2027 жылға қарай әлемде негізінен жасанды интеллект (AI) есебінен 14 миллион жұмыс орны жойылуы мүмкін. Бұл туралы massaget.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жасанды интеллект адам еңбегін, тіпті, бүкіл кәсіпті алмастыра алатыны ешкімге құпия емес. Чатбот дайын сценарий жаза алады.

AI өнертапқыштарының бірі осы технологияның арқасында өнімділікте немесе медицинада прогреске қол жеткізуге болады деп санайды, бірақ, сонымен бірге, жасанды интеллект адам мүмкіндіктерінен асып түсетінін ескертеді.

"Олар адамнан мың есе артық білімді. Тіпті, олар рычагтарды тікелей тарта алмаса да, олар бізді мұны істеуге мәжбүрлей алады. Адамдарды манипуляциялауға болады, Вашингтондағы ғимаратты оның өзі жеке қатысуынсыз басып алуға болады", - деді ғалым, AI зерттеулері саласындағы пионер Джеффри Хинтон.

 

0 пікір
Мұрағат