Жас жұбайлар дүркіреген тойдың орнына жетімдерге мерекелік дастархан жайды (фото)
Жас жұбайлар дүркіреген тойдың орнына жетімдерге мерекелік дастархан жайды (фото)
6 жыл бұрын 4428 tengrinews.kz

Семейдегі жас жұбайлар Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтынай Иса дүркіреген тойдың орнына жүздеген балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге мереке ұйымдастырды, - деп жазады "Экспресс-К".

Жас жұбайларда қымбат мейрамхана да, лимузин де болған жоқ. Қалыңдық, тіпті, той көйлегін де кигісі келмеген.  

Некені ресми түрде қиғаннан кейін жас жұп қала сыртында орналасқан жаздық балалар демалыс лагеріне аттанған. Бұл жерде оларға мерекелік дастархан ұйымдастырып, аниматорлар балаларға арналған бірнеше сағаттық қойылым көрсеткен.

Алтынайдың айтуынша, не өзі, не күйеуі үлкен той туралы армандамаған. Оның орнына ата-анасының жылулығын сезіне алмаған балаларға арнап мейрам ұйымдастыруды ұйғарған.  "Біз екеуміз де үлкен отбасыдан шықтық. Одан бөлек, менің күйеуім мамандығы бойынша педагог болып жұмыс істейді. Балаларға шаттық сыйлайық деп шештік. Біздің өміріміздегі ең маңызды күндердің бірі басқа адамдардыкіндей өтпегені үшін еш мұңаймаймыз. Ал біздің ата-анамыз болса бұл шешімімізді қолдағаннан басқа еш нәрсе айтқан жоқ", - деді қалыңдық. 

0 пікір
Мұрағат