Жарықты қолданатын, «бұзуға» келмейтін чип әзірленді
Жарықты қолданатын, «бұзуға» келмейтін чип әзірленді
10 ай бұрын 891 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилвания университетінің инженерлері жасанды зерде (AI) технологиясына қажетті күрделі математикалық есептеулерді орындау үшін электр қуатын емес, жарық толқындарын пайдаланатын чип ойлап тапты. Бұл чип компьютердің жылдамдығын көп арттыратын болады, сондай-ақ, олардың энергия тұтыну деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Photonics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Чип құрылымы классикалық кремни платформасы бар жарықты пайдалана отырып математикалық есептеулерді орындау үшін наноөлшемде материалдарды манипуляциялау (түрлі жолмен пайдалану) бойынша зерттеулерді біріктірген. Ғалымдар бұл тарапта нейрондық желілерді жобалау және пайдалану кезінде қолданылатын негізгі математикалық операцияны - векторлық матрицаларды көбейтуді орындауға арналған құрылғыны жасауға талпынған екен. Биіктіктігі бірдей кремнилік пластиннің орнына пластинді, мәселен, 150 нм-ге дейін жұқа ету керек, оның өзінде де белгілі бір жерлерде ғана жұқа ету керек. Биіктіктігіне қатысты өзгерістер жарықтың белгілі бір үлгіде немесе деңгейде таралуына ықпал етпек, бұл өзгеріс өз кезегінде чипке жарық жылдамдығымен математикалық есептеулерді орындауға мүмкіндік береді. Жоғары жылдамдық пен төмен қуат (энергияны аз тұтынуы) чиптің деректерді мейлінше құпия ұстауын қамтамасыз етеді. Яғни, көптеген есептеулерді бір мезгілде орындауға болатындықтан, компьютердің жұмыс жадында құпия ақпаратты сақтаудың қажеті болмайды, бұл жайт өз кезегінде мәліметті қолды ету үшін чипті бұзбақ болған хакерлердің әрекетін зая кетіреді. «Ешкім сіздің ақпаратыңызға қол жеткізу үшін жоқ жадты бұза алмайды», - деп қосты зерттеу авторлары.

 

0 пікір
Мұрағат