Жарықпен қозғалатын робот жасалды (видео)
Жарықпен қозғалатын робот жасалды (видео)
1 жыл бұрын 1365 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінің инженерлері электрмен ұдайы қуаттауды қажет етпейтін, яғни, қозғалу үшін энергияны қоршаған ортадан, дәлірегі, жарық пен радиотолқыннан алатын MilliMobile құрылғысын құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көлемі бақыр тындай болатын шағын робот өз салмағынан үш есе ауыр жүкті көтере алады. MilliMobile төрт дөңгелекпен және күн панелін еске түсіретін энергия жинау элементімен жабдықталған. Робот жарық көздеріне автоматты түрде өту және зарядталу үшін жарық сенсорын пайдаланады. Бір сағатта робот бұлтты күндерде де 10 метрге дейін жылжиды. Ғалымдар MilliMobile-ді жарық, температура және ылғалдылық сенсорларымен, сондай-ақ, 200 метр қашықтықтна деректерді жіберу үшін Bluetooth-мен жабдықтады.Робот борттық сенсорлар мен шағын есептеу чиптері арқылы навигацияны басқарады. Мұндай роботтарды, мәселен, фермалардағы ауа температурасын, жарық деңгейін, т.б. қадағалау үшін пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат