Жарық шашатын саңырауқұлақ тек бір-ақ елде өседі (видео)
Жарық шашатын саңырауқұлақ тек бір-ақ елде өседі (видео)
6 жыл бұрын 4978 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің батыс орман-тоғайында жасыл түсті люминесцентті саңырауқұлақ маусымы басталды. Яғни, Жапонияға туристер мына мақсатта, атап айтқанда, самурайлық дәстүрді, сумо (жапондардың ұлттық күрес түрі, яғни, белдесіп, күш сынасуын), сакураның гүлдегенін көру және жарық шашатын саңырауқұлақты тамашалау үшін барып жатады. Біз сөз етіп отырған, Mycena lux-coeli деп аталатын саңырауқұлақ түрінің диаметрі бір сантимтерден екі сантиметрге дейін жетеді. Жауынды күні люцифериннің жарықты аулайтын қосындысын қышқылдандыратын ферменттің арқасында жарық шашады. Астын сызып тұрып айта кететіні, мұндай саңырауқұлық тек Жапония аумағында ғана өседі. Бұл жайында жапондардың «Киодо Цусин» ақпарат көзі хабар таратты. Мұндай ерекше саңырауқұлақ алғаш рет 1951 жылы Тынық мұхитындағы Хатидзё аралында және 2001 жылы Уакаиама префектурасындағы Угуи түбегінде орын тепкен Мэзамэ тауында ұшырасты. Қазіргі уақытта мұндай саңырауқұлақты Миэ, Хёго, Оита және Миядзаки префектурасында да кездестіруге болады. 

 

0 пікір
Мұрағат