«Жарылғыш» робот бақа өз салмағынан 22 есе ауыр жүк көтере алады (видео)
«Жарылғыш» робот бақа өз салмағынан 22 есе ауыр жүк көтере алады (видео)
1 жыл бұрын 863 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Корнелл университетінің ғалымдары шағын робот үшін іштен жанатын (оталатын) титтей қозғалтқыш жасап шығарды. Ол секіру арқылы қозғалады және өз салмағынан 22 есе ауыр жүкті көтере алады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Диаметрі шамамен 5 мм болатын кішкентай жетектер метан мен оттегін қарапайым 0,09 мл жану камерасына алып, оны ұшқынмен тұтандырады. Камера серпінділігі жоғары Dragon Skin силиконды мембранамен жабылған, ол автокөлік қозғалтқышындағы поршен сияқты әрекет етеді: ол жанармай жанған кезде камераның көлемін ұлғайту үшін созылады, содан кейін пайдаланылған газдарды саңылаулардан итеріп жедел қалпына келтіреді. Жарылыс неғұрлым ауқымды болса, мембрана соғұрлым жоғары секіреді. Дискілер камераның көлемін 140% кеңейтетін соққыларға төтеп береді. Бұл жайт өз кезегінде 9,5 Н-ден асатын күшті тудырады және микромоторлар секундына 100 циклден астам жиілікте жұмыс істейді. Зерттеушілер кішкентай, қатты, төрт аяқты бақа роботының табандарының үстіне шағын жану жетектерінің 3D басып шығарылған прототиптерін орналастырды. Белгілі бір жетектің диафрагмасы шыққан сайын аяқ төмен қарай итеріледі. Олар ұшқын жиілігін, отын эквивалентінің қатынасын және жетектердің отын шығынын өзгерте алатын басқару тізбегін әзірледі және бұл басқару элементтерін төрт аяққа қосты. Бұл бағыттағы тәжірибе кезінде робот дірілмен қозғалады - баяу алға жылжып, түрлі биіктікте алға секірд. Бұған қоса, робот тұрған орнында сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы бұрыла алады. Рекордтық секіру биіктігі - 56 см.Робот, сонымен бірге, салмағы 32 грамға дейінгі жүкті көтере алады, бұл салмақ роботтың салмағынан 22 есе ауыр. Ғалымдар бұл роботтың қолданылу аясын ауқымды болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат