Жақынынан айырылған адамның жасуша деңгейінде қартаятыны анықталды
Жақынынан айырылған адамның жасуша деңгейінде қартаятыны анықталды
4 ай бұрын 602 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Колумбия университетінің (Америка құрама штаттары) биологтары 20 мыңнан астам адамның өмірін бақылай келе жақындарынан айырылған адамдардың жасушалық деңгейде жылдам қартаятынын, яғни, туған-туысынан немесе сүйікті адамның өлімі қартаю процесін тездететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуге қатысушылардың арасында 12 жастан асқан жасөспірімдер, сондай-ақ ,түрлі жастағы ересектер болды. Ауыр қайғыдан кейін олардың барлығының эпигенетикалық ДНҚ белгілерінің құрылымында өзгерістер орын алған. Яғни, ауыр қайға адамның жастығына қарамастан қартаюға бастайтын әсері жоғары болып шыққан. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандардың биомаркері  отыз жылға жуық уақыт бойы зерттелген. Осы уақыт ішінде респонденттердің 40%-ға жуығы туыстарынан немесе басқа жақындарынан айырылған. Әсіресе, екі немесе одан да көп туысын жоғалтқандардың ДНҚ-ның құрамында елеулі өзгерістер орын алғандығы анықталды.

0 пікір
Мұрағат