Жапония рельсті қаруды теңіз платформасында сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
Жапондар рейлган деп аталатын электрлі-магнитті зеңбіректі сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы The War Zone ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аппарат 40 мм калибрлі, 320 грамдық болат оқты сағатына шамамен 8000 шақырым жылдамдықпен ата алады. Мұндай жетістікке әдеттегі химиялық жарылыс (күкірт) есебінен емес, оқты жылдамдату үшін электрлі-магнитті пайдалану арқылы қол жеткізіп отыр. Күншығыс елінің сатып алу және логистика технологиясы жөніндегі агенттік хабарлағандай, аталмыш технология теңізде де, құрлықта да пайдалануға арналған. Ату жылдамдығы – сағатына 2230 метр, ал ату қуаты – 5 млн джоулды құрайды. Болашақта бұл рейлган жапондардың электрлі-магнитті зеңбірегінің жұмыс істеуіне қажетті энергия өндіру мүмкіндігі бар Atago кеемсіне орналастырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, бұл технология зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бар кемелерде қолданыс табуы ықтимал. Рейлган, тіпті, дыбыстан жылдам зымырандарды қағып түсіру шін де пайдаланылуы мүмкін.