Жапондардың ұшатын автокөлігі 2023 жылы саудаға шығарылады (видео)
Жапондардың ұшатын автокөлігі 2023 жылы саудаға шығарылады (видео)
4 жыл бұрын 5595 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің SkyDrive компаниясы SD-03 ұшатын автокөлігін бортына жүргізушісін отырғызып сынап, мүмкіндігін тексеріп көрді. Десе де инженерлер бұл ерекше көлікті нарыққа шығару үшін оның қауіпсіздігін жетілдіре түсу керектігін алға тартып отыр. Төмендегі видеодан аталмыш құрылғының жерден 1-2 метр биіктікке көтеріліп, бір минуттай шамасында қалықтап тұрғанын байқайсыздар. SkyDrive жетекшісі Томохиро Фукудзава ұшатын автокөлік нарыққа 2023 жылы шығарылатынын мәлімдеді. Осылай дей келе бұл көліктің нарыққа шығуы үшін ең маңызды талабына қауіпсіздігі баста қаперге алынатынын, сонан кейін барып қана жаппай шығарылатынын жеткізді. «Әлемде бортында үргізушісі бар ұшатын автокөліктерге қатысты 100-ден аса жобаның арасынан тек ілеу де біреуі ғана жетістікке жетті»,- деп мәлімдеді ол артынша. Әзірге бұл атвокөлік бар-жоғы 5 минут, ары кетсе 10 минут қана ұша алады. Инженерлер бұл көрсеткішті 30 минутқа дейін жеткізуді көздеп отыр. Осыдан кейін Қытай мен өзге де тапсырыс берген елдерге экспорттайтын болады. Аталмыш автокөліктің ұшақ пен тікұшаққа қарағанда шапшаң ұшып, қона алады. Аталмыш компания басшысы айтқандай, құны 10 млн доллар болса немесе тек 5 минут қана ұшатын болса, оны ешкім сатып алғысы келмейді. Сол себепті, әлі де жетілдіруді қажет етеді. Сәл шегініс: SkyDrive жобасы 2012 жылы «Картиватор» деген атпен волонтерлік жоба ретінде басталған. Оны жапондардың Toyota Motor Corp., Panasonic Corp. және видеолық ойындар әзірлейтін  Bandai Namco компаниясы қаржыландырған еді.

0 пікір
Мұрағат