Жапондардың неге ұзақ өмір сүретіні анықталды
Жапондардың неге ұзақ өмір сүретіні анықталды
2 жыл бұрын 1781 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша салыстырмалы түрде өзге ұлттарға қарағанда ұзақ өмір сүретін күншығыс елі тұрғындарының бұл феноменінің сырын ашуға ғалымдар талпыныс жасап келді. Осы мақсатта жапон ұлтының  өмір сүру салтынан бастап, геномына дейін зерттеп жатыр Осы жолы жауабын тапқандай болды. Бұл жайында islam.kz порталы Zhenskiy ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осман Ерік есімді дәрігер бұл тарапта бір қорытындыға келген екен. Өмір сүру салты әрқалай, тамақтану әдеті де бөлек 2 мың жапон азаматы зерттеуге тартылған екен. Ғалымдар оларға ортақ бір ерекшелікті анықтады – жапондар тойып тамақтанбайды. Дәлірегі, шақтап тамақтанатындықтан организмге қауіпті заттар аз түседі. Күншығыс елінің, әсіресе, ұзақ ғұмырымен аты шыққан Окинава арала тұрғындарының балық пен көкөністі жиі тұтынады әрі ешуақытта тойып тамақтанбайды.

0 пікір
Мұрағат