Жапондардың ақылды теміржол бекеті (видео)
|
2023 жылдың шілде айында күншығыс елінің Seibu Railway теміржол компаниясы Токио қаласындағы бекеттерде ілеспе (синхронды) аударма жасайтын ақылды экрандар қойды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақпараттық үстелдің алдында 40х70 см мөлдір экран және микрофондары бар планшет орналасқан. Турист станса қызметкеріне жақындаған кезде жүйе автоматты түрде іске қосылып, олардың өзара сөздерін тіл қатқан сәтте аудара бастайды. Осы кезде экранда мессенджерге ұқсас нәрсе пайда болады. Сондықтан өзге тілде үн қатқан шетелдік пен жапон қызметкері бір-бірін жақсы түсінеді. Аталмыш технология VoiceBiz деп аталады. Ол 12 тілді, соның ішінде ағылшын, жапон, вьетнам, португал, испан және орыс тілдерін қамтиды. Кірістірілген нейрондық желі сөзді танитын болады. Бұл әдіс туристердің мимикасы мен ым-ишарасын бақылай отырып, сөйлесуге мүмкіндік береді.