Жапондар таяу болашақты қалай елестетінін көрсетті (футуристік видео)
Жапондар таяу болашақты қалай елестетінін көрсетті (футуристік видео)
2 ай бұрын 888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапондар голограммалар мен ұшатын экрандар нақты өмірде кеңінен қолданылатынына сенеді. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sony Global компаниясының YouTube әлеумметтік желісіндегі ресми арнасында болашаққа деген көзқарасын татынататын футуристік бейнені жариялады. Sony осынау ерекше жобасын  «ойын ойнауға арналған шығармашылық көзқарас» тұжырымдамасы, деп атады. Sony өкілдері алдағы 10 жылда әлем көп қырлы, сан сырлы болатынына сенімді - виртуалды және нақты өмір шындығы мидай араласып, ешбір аражіксіз, шекарасыз қиылысады.  Сондай-ақ, бейнеде Sony әдеттен тыс құрылғыларды көрсетті: жақтауы жоқ және қағаз парағындағыдай жұқа планшет, сопақша смартфон және ұшатын экраны бар портативті консол. Sony өздері жасаған бейне көріністің  тұжырымдамалық сипатқа ие екенін атап өтті. «Бұл бейненің мазмұны кез келген қолданыстағы Sony өнімдеріне немесе қызметтеріне тікелей қатысты емес», - деп қосты компания.

0 пікір
Мұрағат