Жапон ғалымдары антибиотиктің көмегінсіз жасушалардың қауіпсіз жолмен өсуіне арналған бактерияға қарсы материал жасады
Жапон ғалымдары антибиотиктің көмегінсіз жасушалардың қауіпсіз жолмен өсуіне арналған бактерияға қарсы материал жасады
1 ай бұрын 1831 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл технология регенеравтивті медицинада тура мағынасында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио университетінің ғалымдары бактерияларға қарсы қасиеті бар және жасушалардың өсуіне қолайлы, алюминия оксидінен наноқұрылымды материал әзірледі. Такаши Йанагисита есімді профессор бастаған топ концентрацияланған күкірт қышқылындағы электрохимиялық процестерді қолдана отырып, анодты кеуекті алюминий оксидін (APA) құрды. Алынған материал жасушалардың өсуіне кедергі келтірмейді әріі бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Аталмыш технология табиғи құбылысқа негізделген: 2010 жылдардың басында цикада мен шегіртке қанаттарындағы наноқұрылым бактериялардың жасуша мембраналарын зақымдау арқылы бактерияның көбеюіне жол бермейтіні анықталды. Жапон ғалымдары жасаған материал бір принцип бойынша жұмыс істейді: оның алюминий тотығынан жасалған ине тәрізді колонналары бактерияларды жоюға өте қолайлы өлшемге ие. Жаңа технологияның басты артықшылығы — жасушаларды бактериялардың төзімді қоздырғыштарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін антибиотиктерді қолданбай-ақ өсіруге мүмкіндік береді. Бұл технология, әсіресе, регенеративті медицина үшін маңызды, онда өсірілген жасушалардың кез келген бактерияны жұщтыруы науқастар үшін ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдар осы технология жасуша терапиясының мүмкіндіктерін кеңейтіп, бұл бағыттағы ем-дом шараларын арзандатады. Өйткені, арнайы зарарсыздандырылған ғимараттарды пайдалануды қажет етпейді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6