Жапон елінде жұмыс уақытында ұйықтауға арналған капсула пайда болды (видео)
Жапон елінде жұмыс уақытында ұйықтауға арналған капсула пайда болды (видео)
1 жыл бұрын 2082 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон инженерлері құрастырған адамның тігінен ұйықтауына арналған Giraffenap капсуласы еңбек өнімділігін арттыруға әрі қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Daily Mail дерек көзіне жөн сілтеген Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай капсула бойының ұзындығы 195 сантиметр, ал салмағы 100 келіге дейін тартатын адамдарға шақталған. Бұл капсулада адам тізесін сәл бүгіп, денесін ссәл алға береді. Капсуланың екі нұсқасы бар - «ғарыш» және «орман». Ол желдеткішпен, өрт сөндіргішпен, түтін детекторымен, сондай-ақ, төбе мен еденді жарықтандыратын жүйемен жабдықталған, киімге арналған ілгектері бар. Капсуланың төбесінде адам тыныққанда пайдалануға болатын желдеткіші бар.

0 пікір
Мұрағат