Жаныңда жүр жақсы адам: Қажылыққа тірнектеп жинаған ақшасын бір-ақ сәтте құрбан етті
|
Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты Үшкүпрік ауданының Зебунисо Ахмедова есімді қарт тұрғыны өмір бойы қасиетті сапарға аттануды арман етіп, осы мақсатына қол жеткізу үшін ғұмыр бойы тірнектеп жинаған бар қаржысын жерлестерінің игілігі үшін садақ етті. Тарқатып айтқанда, жасы 81-ге келген қарт ана осы уақытқа дейін 50 млн сум (6250 доллар) жинай алған екен. Алайда, ауылда ауызсудан тарығып отырған жерлестерін көріп, екіұдай күйге түседі. Ары ойланып, бері толғанып, ауылдастарын ауызсумен қамтамасыз етуге бар жиған-тергенін садақ етіп береді. «Қыстың қақаған күндері мен жаздың аптап күндерінде ұш шақырым қашықтан көршілерім су тасып жүргенін көре тұрып, қажылыққа қамсыз аттана аламын ба»,- деді ол ағынан ақтарылып. Айта кететіні, бір кездері аталған ауылды жерде сумен жабдықтау жүйесі орнатылғанымен уақыт келе құбырлар тозып, ауыл халқы ауызсудан қағылды. Зебунисо Ахмедованың қасиетті сапарға арнаған қаржысына құдық қазылып, махалладағы барлық тұрғын, жергілікті №49 орта білім беру мектебі, балалар бақшасы, медициналық бөлімше осы құдықтың иглігін көріп отыр. Қазіргі уақытта.