Тұшшы суды мекендейтін жануарлардың төрттен бірі жойылу алдында тұр
Тұшшы суды мекендейтін жануарлардың төрттен бірі жойылу алдында тұр
5 сағат бұрын 69 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша тұшшы су көздерін мекендейтін шаян тәрізділердің, инеліктердің  және балық түрлерінің 24 пайызына жойылу қатері төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоршаған ортаның ластануы, бөгеттер мен су қоймаларының шектен тыс пайдаланылуы, ауыл шаруашылығынан тіршілік ету ортасының тарылуы мен климат дағдарысы секілді факторлар себеп болуда. Экологиялық жүйедегі тұшшы су мөлшері жер бетінің бір пайызынан да апсайды, соған қарамастан биологиялық түрлердің он пайызы, соның ішінде балық түрлерінің жартысы мен омыртқалылардың үштен бірі осы тұшшы су көздерінде мекендейді. Халықаралық табиғатты қорғау одағының Кэтрин Сайер (Catherine Sayer) бастаған ғалымдар тобы тұшшы су көздеріндегі биологиялық әралуандылыққа қаншалықты қауіп төніп тұрғанынан анықтап, жаһандық баға берді. Бұл бағыттағы зерттеуде балықтардың, инеліктердің және шаян тәрізділердің 23 496 түрі қамтылды, осы санаттағы тіршілік иелерінің 2003-2023 жылдардағы өңірлік жобалардың нәтижелері бойынша мекендейтін ортасының карталары жасалды. Ғалымдар тұшшы су экожүйелеріндегі жануарлар түрлерінің 24 пайызы, атап айтқанда, шаян тәрізділердің 30 пайызына, тұшшы су балықтарының 26 ​​пайызына және инеліктердің 16 пайызына жойылу қаупі төнгенін анықтады.1500 жылдан бері мұндай жануарлардың 89 түрі жойылып кеткен екен: балықтардың 82 түрі, шаян тәрізділердің алты түрі және инеліктің бір түрі жойлып кеткен. Ғалымдар фаунаға қауіп төндіретін негізгі факторларға тіршілік ету ортасының ластануын (осал түрлердің 54% әсер етеді), бөгет құрылысын (39%), ауыл шаруашылығын және жер пайдалануды (37%), инвазиялық түрлер мен ауруларды (28%) және климат өзгерісін (20 пайыз) жатқызған.

0 пікір
Мұрағат