Тірі жан жоқ аралдағы жалғыз тіршілік иесі де өлді (фото+видео)
|
Мана деп аталатын елсіз аралда Найджеп атты құс өлді. Ол сыртқы әлемнен оқшауланып қалған аралдың жалғыз тұрғыны. Найджеп бес жыл бойы табиғатты қорғау қызметі орнатқан құстардың бетон мүсіндерінің арасында тірлішік етті. Мына төмендегі видео 2016 жылы түсірілген екен. Найджеп Мана аралын соңғы 40 жылда қоныс еткен алғашқы құс. Экологтар аталмыш аралға құстарды тарту үшін құстардың бетон мүсіндерін орнатқан болатын. Олардың біреуіне Найджеп бірнеше жыл бойы «қырындап, қызмет көрсетіп, жанынан қзап кетпеуге» тырысқан екен. Ол, тіпті, бетон мүсіннің қанатын тұмсығымен тазалап бермек те болған екен. Ол ол ма, ұя да салған көрінеді. «Найджеп өзінің бұл өмірдегі ісін атқарып кетті. Өлерінен бір апта бұрын елсіз аралға бірнеше ұяластары ұшып келген болатын. Алайда, Найджеп оларға мойын да бұрып қарамады»,- деді көрші аралда тұратын рейнджер Крис Белл.
Найджеп өзі үнатқан құс мүсінінің жанында өлді.