Тарақанның бұрын беймәлім түрі табылды
Тарақанның бұрын беймәлім түрі табылды
2 жыл бұрын 1345 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Сингапурдегі Букит Тимах қорығынан тарақанның бұрын ғылымға белгісіз түрін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы futurity.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оны Nocticola pheromosa деп атады. Тарақанның бұл түрі Борнео аралындағы Nocticola adebratti Roth тараканына ұқсас. Десе де сингапурлық және борнейлік түрлер арасындағы айырмашылықты қанаттары мен жыныс мүшелеріндегі тамырлардан байқалған. Тарақанның аутопсиясы (хирургиялық жолмен ішін ашып көру) ғалымдарға оның шын мәнінде жаңа түр екенін анықтауға мүмкіндік берді. Дәлірегі, ол тропикалық Африка құрлығында кездесетін, Үндістанда, Азияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Австралияда тіршілік ететін сол тектес жәндіктің басқа да 22 түрін толықтырады.

Ұқсас материал:

"Қытай кеденшілері ғылымға белгісіз тарақанды кездейсоқ тапты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qytai-kedenshileri-gylymga-belgisiz-taraqandy-kezdeisoq-tapty-17683/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат