Сегізаяқ пен калмар дәмді қармауыштарымен сезеді
Сегізаяқ  пен калмар дәмді қармауыштарымен сезеді
2 жыл бұрын 1809 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтер сегізаяқ пен калмар тәрізді моллюскалардың дәмді қармауыштарымен сезетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта аталған теңіз жануарларының тіршілігіне қолайлы әрі жемтігін табуға көмектесетін рецепторлардың түрлі комбинациясын жетілдіргенін айта кетпекпіз. Сегізаяқ су бетінде жұқа қабық немесе көпіршік түзетін, суда нашар ертитін заттарды оңай ажырата алады. Бұл қабілеті олардың теңіз түбінде тіршілік ететіндігімен байланысты қалыптасқан, дәлірегі, судың бетіне қабыршақ түзетінін су астынан байқайды. Ал жемтігін іздеуде сегізаяққа қарағанда әлдеқайда белсенді, әлдеқайда әбжіл келетін калмар мен мүйізтұмсық (каракатициа) улы олжаның дәмін тез таниды. Бұл ерекшелік олардың тіршілік ету әдеті мен жемтігін іздеу әрекетінен көрініс тапқан. Ғалымдар аталған осы үш теңіз жануарының дәм рецепторларын бұғаттайтын гендерді салыстыра келе олардың нейротрансмиттің түрленген (модификацияланған) рецепторларынан пайда болғанына көз жеткізді.

0 пікір
Мұрағат