Құстың жаңа түрі табылды
Құстың жаңа түрі табылды
2 жыл бұрын 1965 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дублиндегі Тринити колледжінің зоологтары мен әріптестері Индонезия аралдарының фаунасын зерттеп жүріп, құстардың белгісіз түрін кездестірді. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вакатоби күн құстары (Cinnyris infrenatus) қара қауырсындарымен және салыстырмалы түрде қысқа қанаттарымен ерекшеленеді, бұл ерекшелік өз кезегінде олардың Вакатоби аралдарында оқшаулануына ықпал еткен. Сыртқы түрі бойынша олар түрлі-түсті колибрилерге ұқсайды. Аталған құстан басқа аралдардан зәйтүн арқалы күн құстары табылды. Қазіргі уақытта ғалымдар құстардың 140-қа жуық ұқсас түрін біледі және зерттеп жүр. Еркектері әдетте аналықтарына қарағанда жарқынырақ көрінеді - олардың қауырсындары жарықта жылтырап, иридесцентті немесе металл реңктермен жарқырайды. «Вакатоби күн құсы айналамыздың биологиялық әр алуандылыққа толы екенін растайды – бұл құс шалғайдағы тропикалық орман-тоғайдан емес, қарбаласы көп қала маңындағы бұта-қарағаннан табылды»,- деп мәлімдеді Тринити колледжінің зерттеушісі Дэвид Келли.

Сол жақта – зәйтүн арқалы күн құсы, оң жақта – Вакатоби күн құсы. Фото: Никола Марплес пен Дэвид Келли, Дублин Тринити колледжі
0 пікір
Мұрағат