Құмырсқаның жақ сүйегінің құпиясы ашылды
Құмырсқаның жақ сүйегінің құпиясы ашылды
3 жыл бұрын 2569 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Орегон университетінің биофизиктері құмырсқаның жақ пен иек сүйектерінің мықтылығ неде екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы pnnl.gov ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жақ былай да мықты, алайда, оған қосымша қандай да бір қоспаны қосқан кезде беріктігі артады. Мәселен, шаян сауытын кальция карбонаты берік етіп тұр. Титтей жәндік болғанына қарамастан құмырсқа өзінен бірнеше есе үлкен тіршілік иесін шақсағ оңдырмай ауыртады. Бұдан бөлек, ағашты жаңқалап тастайды, уақыт өте келе тозбайтын мықты құрал ретінде алға шығатыр құмырсқаның жағында 8 % цинк бар. Ғалымдар ионды сәулелі микроскоптың көмегімен құмырсқа жағының атомарлық құрылымын зерделеп, цинк атомдарын байқаған. Олар түйін ретінде емес, біркелкі орналасқан. Бұл түзілім құмырсқаға қандай да бір материалды тістеген кезде оны тесіп өтуі үшін адам тістерін пайдаланғанға ұқсас күш-қуаттың 60 %-ын ғана пайдалануға мүмкіндік береді. 

Челюсти муравья

Челюсти муравья

0 пікір
Мұрағат